30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

MINING AND METALS CENTRAL ASIA 2025 – АЙМАҚТЫҢ ІРІ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ОҚИҒАСЫ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТЕДІ

2025 ЖЫЛҒЫ 17–19 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» КҚКО АУМАҒЫНДА ЕКІ ІРІ САЛАЛЫҚ ІС-ШАРА ҚАТАР ӨТЕДІ: 30-ШЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ MINING & METALS CENTRAL ASIA – ТАУ-КЕН ЖАБДЫҚТАРЫНА, КЕН МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ӨНДІРУ МЕН БАЙЫТУҒА АРНАЛҒАН; 21-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ KAZCOMAK – ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС, ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ТЕХНИКАҒА АРНАЛҒАН ШЕШІМДЕРДІ БІРІКТІРЕДІ.

2025 жылы Mining & Metals Central Asia көрмесі өз тарихындағы маңызды кезең — 30 жылдығын атап өтеді. Бұл жай ғана сан емес: үш онжылдық бойы мұнда Орталық Азияның тау-кен металлургия кешенінің тарихы жазылып келеді — адамдар, технологиялар мен шешімдер тоғысатын орта, саланы алға жылжытатын платформа.

Мерейтойлық экспозиция көрме тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Іс-шара 5 павильонда және ашық алаңда өтеді, онда ондаған бірлік техника мен жабдықтарды тікелей әрекет үстінде көруге болатын демонстрациялық аймақтар орналастырылады.

Биылғы жылы 30 елден 500-ден астам компания экспонент ретінде қатысады. Олар озық шешімдермен, практикалық тәжірибемен және табысты кейстерімен бөлісуге дайын. Көрменің негізгі бөлімдері:

– Ашық және жерасты тау-кен жұмыстары

– Пайдалы қазбаларды байыту

– Кен орындарын барлау және геологиялық барлау

– Металл өңдеу

– Зертханалық және аналитикалық жабдықтар

– Пайдалы қазбаларды тасымалдау

– Қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік

– Тау-кен кәсіпорындарын жобалау және салу

– Тау-кен металлургия кешеніне арналған жабдықтар

– Консалтингтік қызметтер

– Қосалқы бөлшектер мен құрамдастар

– Бағдарламалық қамтамасыз ету

– Радиоэлектрондық және есептеуіш техника

ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені (ТМК) – экономикалық өсімнің негізгі тірегі болып қала береді. Сала жұмыс орындарын ашуға, өңірлерді дамытуға, инвестициялар тартуға және экономиканы әртараптандыруға елеулі үлес қосып отыр. 2024 жылы ТМК-ның ЖІӨ-дегі үлесі 8%, ал өндірілген өнім көлемі 14,3 трлн теңгеден асты. Инвестициялар көлемі 12%-ға артып, 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Экспорт көлемі 21,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл деректер саланың жоғары даму деңгейін және оның жаһандық экономикамен тығыз байланысын көрсетеді. Осы үрдістер көрменің тұжырымдамасында көрініс табады: Mining & Metals Central Asia – бұл саладағы инновацияларды көрсетуге, стратегиялық сын-тегеуріндерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және болашақты айқындайтын шешімдер іздеуге арналған алаң.

Особое внимание в юбилейном году организаторы уделяют содержательной деловой программе, которая станет центром притяжения для специалистов, инвесторов и руководителей крупнейших компаний отрасли.

Іскерлік бағдарламаға ерекше назар аударылады — ол сарапшылар, инвесторлар және жетекші компаниялар басшылығы үшін тартылыс орталығына айналады.

Негізгі іс-шаралар қатарында:

🔸 Инвестициялық әлеует пен халықаралық ынтымақтастық тақырыбындағы пленарлық сессия — капитал тарту мен әріптестік дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланады

🔸 Mining & Metals Central Asia Startup Showcase: Ideas that Shape The Future — тау-кен өнеркәсібіне арналған перспективалы жобалар мен стартаптар өз шешімдерін ұсынады

🔸 Жасанды интеллектке негізделген шешімдер мен өндірісті цифрлық трансформациялау бойынша сессия

🔸 Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өтінімдеріне сәйкес жобаларды таныстыру сессиясы

🔸 Экспонент компаниялардың презентациялары мен практикалық семинарлары

🔸 ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі мен салалық қауымдастықтар өкілдерімен подкасттар мен сұхбаттар сериясы

Осындай мазмұнды форматтың арқасында көрмеге қатысу – тек жаңа технологиялармен танысу ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Орталық Азияның тау-кен металлургия саласының болашағын айқындайтын сарапшылар қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігі.

Іс-шараға ресми қолдау көрсетушілер:

Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі

Алматы қаласы әкімдігі

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ (АГМП)

            Семинарлар залының серіктесіComposit компаниясы.

Көрмені ұйымдастырушылар: Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.

Mining & Metals Central Asia көрмесінің 30 жылдығын бірге атап өтіңіз және ТМК дамуының жаңа көкжиектерін бірге қалыптастырыңыз! Тіркелу және толық ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз: https://mining-metals.kz

  • 5 қаралды