29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

29-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

Mining and Metals 2019 Қатысушылардың пікірлері

Алексей Заякин, «Sever Minerals» корпоративтік коммуникациялар және маркетинг жөніндегі директоры

Біз екінші жыл қатарынан Mining and Metals Central Asia-ға қатысып отырмыз. Көрме кен өндіру саласының көптеген уәкілдерін бір жерге жинастырады. Сондықтан біздің компаниямыз сыртқы және ішкі экспозициясы бар аудандары бойынша үлкен екі стендтермен өзін-өзі ауқымды түрде көрсетуді шешті. Биылғы жылы көрме өте жемісті өтті. Біз көптеген кездесулер өткіздік. Ұйымдастырудың деңгейін өте жоғары бағалаймыз және көрсеткен қолдауы үшін Iteca-ға алғысымызды білдіреміз. Mining and Metals Central Asia әлеуеті өте зор, және біз өзіміздің экспозицияларымыздың өлшемдерін жоғарлатып, көрмеге жыл сайын қатысуға ниеттеніп отырмыз.


Рудольф Талер, Қазақстандағы Австрия елшілігінің Сауда кеңесшісі

Біз Mining and Metals Central Asia көрмесіне ұлттық стенд құрамында қатысып отырмыз. Көрме серіктестермен және клиенттермен танысуға, келісуге, сонымен қатар жұмыста пайдаланылатын болатын жабдықты көруге және тіпті өз қолымен ұстап көруге мүмкіндік береді. Тікелей тілдескен кезде сен компанияда сол, немесе басқа мәселелер қалай шешілетінін түсінесің. Біз қатысудың нәтижелеріне өте ризамыз. Біздің кейбір компанияларымыз көрме күндерінің өзінде келісімшарттар жасасып қойды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, ол ұйымдастырушылар жұмысының тиімділігін көрсетеді. Біз Mining and Metals Central Asia 2020-ға, сөзсіз, қатысатын болмыз. Менің әріптестерім тіпті қазір келесі жылға стендті брондап қойғанын білемін.


Александр Долженков, «IND Kulan Oil» Бренд-менеджері

Біздің компаниямыз Mining and Metals Central Asia көрмесіне міне алтыншы рет қатысып отыр. Осы көрме біздің бизнесімізге өсуге және дамуға көмектеседі деп ойлаймыз. Көрме негізгі ойыншыларды көрсетеді. Клиенттер компания тұрақты және үнемі нарықта екенін көреді. Мұнда бүкіл Қазақстанда тараған барлық клиенттермен оңай кездесуге болады. Егер мұндай кездесулерді өздігінен ұйымдастыратын болсақ, бірнеше ай кететін болады. Ал көрме небәрі үш күннің ішінде барлық қажетті адамдармен кездесу мүмкіндігін береді. Жылдан жылға көрме ұйымдастырылуы жақсарып келеді. Біз байқағандай, биылғы жылы келушілер саны әлдеқайда жоғарлаған. 


Александр Даниленко, «Oriental Co. ltd» инженерлік компаниясының Бас директоры

Iteca әртүрлі мемлекеттер мен континенттердің инженерлерін, ғалымдарын, машиналар жасап шығарушыларын біріктірді. Mining and Metals Central Asia саланың барлық мамандары үшін аса маңызды оқиға болып табылады. Бізге келетін компаниялар өздерінің өнімін сатады. Ал біз өзіміздің технологиялық шешімдерімізбен бөлісеміз. Және де барлық осы инновацияларды кәсіпорындарымызда қолданамыз.  Жаңғырту, жетілдіру, жаңа технологияларды табу – осының бәрі тек осында, көрмеде, жүзеге аса алады. Біз көрме ұйымдастырылуын да, сонымен қатар оған қатысудың нәтижелерін де аса жоғары бағалаймыз.


Антон Малетин, «Bradken» сатулар бойынша өңірлік менеджері

Mining and Metals Central Asia көрмесіне қатысу – ол, ең алдымен, беделді ақтау, ескі және жаңа клиенттермен кездесу. Осында келіп, олар нарықта қандай өнімдер бар, оларды кім ұсынатыны туралы жаңа жыл бойынша кесінді алады. Біз көрмеден күткен үмітіміз ақталды. Бізге әртүрлі компаниялардың көптеген уәкілдері келді. Біз оларға тек қана өзіміз және өзіміздің өніміміз туралы айтумен қатар бизнестің біздің моделін хабарладық. Біз Mining and Metals Central Asia 2020-ға өзіміз үшін дәл осы орынды брондап қойдық.