«Тау-кен жабдығы, кен және минералдарды қазу және байыту» ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

16-18 ҚЫРКҮЙЕК 2020

Алматы, Қазақстан

«Тау-кен жабдығы, кен және минералдарды қазу және байыту» ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

16-18 ҚЫРКҮЙЕК 2020

Алматы, Қазақстан

ОТЗЫВЫ ПОСЕТИТЕЛЕЙ Mining and Metals Central Asia 2019

Ербол Есенжолов, «KAZ Minerals Management» ЖШС бас маманы

Mining and Metals Central Asia-ға біздің компаниямыз, әдетте, жыл сайын бірнеше қызметкерлерді жібереді. Көрмеде әркімнің өз міндеті бар: біреу іскерлік бағдарламаға қатысады, біреу жаңа серіктестерді іздейді. Mining and Metals Central Asia өндірушілер мен компаниялардың бас кеңселерінің өкілдеріне тікелей шығуға тамаша мүмкіндік береді. Мұнда өнімнің сапасы анық көрінеді, тіпті қолмен ұстап, салыстыруға да болады. Бетпе-бет қарым-қатынаста әлеуетті серіктестер өз жұмысына қаншалықты байыпты қарайтынын түсінесің.

Өндірісте пайдалану үшін компанияда қарастыратын бірқатар тауарлар мен қызметтерді мен өзіме белгілеп алдым.


Данил Ельманов, Schaeffler Казахстан

Mining and Metals Central Asia-ге біз жыл сайын келеміз. Жаңа серіктесерд іздейміз, жаңа сауда байланыстарды орнатауға тырысамыз. Көрме өте пайдалы. Әсіресе Қазақстан қатысушылары, олардың орналасуы, өндірісі, жөндеу жұмыстары қызықтырады. Көрме отандық сервис белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Ең бастысы біз үшін жаңа қатынастар мен байланыстар табу болды. Біз өзімізге әлеуетті серіктестердің тізімін құрдық және оған өте разымыз.


Дамир Хусаинов, «Қаражыра» АҚ

Mining and Metals Central Asia 2019-ға мен Семейден арнайы ұшып келдім. Біздің компаниямызды қосалқы бөлшектер мен техниканың әлеуетті жеткізушілері қызықтырады. Көрме өте керемет. Бізге әлеуетті серіктестердің үлкен таңдауы ұнайды. Ең тиімді ұсыныстарға тоқтау мүмкіндігі бар. Біздің жұмыс шарттарымызға сай келетін компанияларды табу мүмкін болды. Бұл қымбат тұрады.


Салтанат Гинаятова, «Электро Кор» ЖШС автотехниканы сатып алу жөніндегі жетекші менеджері

Mining and Metals Central Asia-да мен алғашқы рет келіп тұрмын және таң қалдым. Өте пайдалы іс-шара. Көрменің арқасында нарықпен танысып, өзіңнің маркетингтік талдауыңды кеңейтуге болады. Бұрыннан келе жатқан жеткізушілермізбен кездестім және бірқатар жаңа әлеуетті серіктестермен таныстым. Байланыстарымызбен алмастық және кездесу барысында ынтымақтастық өте тиімді болатыны анық көрінді.


Илья Веркховских, Schaeffler Ресей

Мен әртүрлі елдердегі көрмелерде болдым және Mining and Metals Central Asia өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына сендіре аламын. Барлық ірі әлемдік өндірушілердің ұсынылғаны маған ұнайды. Біздің жаһандық серіктестеріміз көп. Егер олар үшін бұл нарық маңызды болса, демек, бізде де мұнда қаржылық қызығушылығымыз бар дегені.