27-шы Орта Азиялық халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру мен байыту» көрмесі

20-22 қыркүйек 2022

Алматы, Қазақстан

27-шы Орта Азиялық халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру мен байыту» көрмесі

20-22 қыркүйек 2022

Алматы, Қазақстан

РЕСМИ СӘЛЕМДЕСУ 2021

Құрметті қатысушылар, қонақтар және ұйымдастырушылар!

Сіздерді 26-шы Орталық Азия «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining and Metals Central Asia 2021 халықаралық көрмесі және «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» -Kazcomak 2021 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Пандемияға байланысты ұзақ уақыт шектеулерден кейін экспо-іс-шаралар аясында жеке кездесу уақыты келді. Экономиканың жетекші флагмандарының бірі ретінде Қазақстан үшін тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің маңыздылығын ескере отырып, саланың болашағы туралы айтуға, оның алдында тұрған сын-қатерлер мен өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және ТКМК - индустриясының одан әрі даму векторын белгілеуге болатын алаң құру маңызды болды. Көрме жыл сайын осындай сұрақтарды шешудің тиімді құралы болып табылады.

Мен Алматы қаласы бұрынғысынша ел экономикасына оң ықпал етіп қана қоймай, жаңа жағдайларда бизнестің өзара іс-қимылының неғұрлым белсенді нысаны болып табылатын, қаланың жаңа жетістіктерін көрсету және оның дамуы үшін бірыңғай кеңістік ретінде қызмет ететін, сондай-ақ қолайлы ортада жемісті ынтымақтастық құруға мүмкіндік беретін ірі мамандандырылған салалық оқиғаларды өткізу орталығы болып қала беретініне шын жүректен қуаныштымын.

Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы барлық қатысушылар мен қонақтарға табысты жұмыс, жаңа креативті шешімдер және алға қойылған міндеттерге қол жеткізуді тілейді!

Жайлы Қалалық орта      

Басқармасының басшысы       

С. Нурашев


 Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 «Атакент»  КІЫО атынан және жеке өз атымнан 26-шы Орталық Азия «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining and Metals Central Asia 2021 халықаралық көрмесі және «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» - Kazcomak 2021 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын  шараның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Көптеген жылдар бойы тау-кен металлургиясы, металл өңдеу және жол құрылысы еліміздің экономикасының негізгі салалары болып келеді, бұл жыл сайын көрмелерді сала мамандарының кездесулері үшін тиімді алаңға айналдырады және оған қатысушылардың дамуындағы жаңа кезеңі үшін бастапқы нүктеге айналады.

Мен күрделі карантиндік уақыттан кейін көрмелер өткізу ТКМК саласының дамуына оң әсерін тигізіп, оның одан әрі өсу жолдарын айқындайтынына, сондай-ақ жеке қарым-қатынас пен іскерлік байланыстардың қолайлы ортасында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Статистика көрсетіп отырғандай, қазақстандық тау-кен металлургия секторы жаңа жағдайларға бейімделе алды және жаңғырту, жаңа технологиялық инновациялар мен цифрлық шешімдерді қолдану жағына қарай өз қозғалысын тұрақты жалғастыруда.

Mining and Metals Central Asia 2021 және Kazcomak 2021 көрмелерінің жұмыс күндері салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, нарықтың ірі компаниялары таяу уақытта тау-кен металлургия саласын дамытудың ықтимал жолдарын талқылайды, ел экономикасының индустриялық құрамдас бөлігі ТМК-ны жаңа деңгейге шығаруға қабілетті неғұрлым тиімді және перспективалы технологиялық процестер мен шешімдерге назар аудара отырып, индустрия үшін неғұрлым қолайлы алға жылжу векторларын белгілейді.

Барлық көрме қатысушылары мен қонақтарына алға қойылған міндеттерге қол жеткізуді, жемісті жұмыс пен белгіленген мақсаттарды іске асыруды тілеймін!

«Атакент» КІЫО» АҚ

Директорлар Кеңесінің Төрағасы        

Абдуллаев Т. К.


Құрметті көрме қатысушылары мен қонақтары!

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігі атынан «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining and Metals Central Asia  халықаралық көрмесі және «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» - Kazcomak 2021 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Тау-кен металлургия кешені Ресей үшін де, Қазақстан үшін де өнеркәсіптің маңызды бағыты болып табылады. «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі жетекші жабдық өндірушілердің, қызметтер мен ТМК саласындағы әзірлемелердің жетістіктерін көрсету үшін тамаша алаң болып табылады, бұл  компаниялардың кәсіби құзыреттеріне және саланың жалпы жай-күйін дамытуға оң ықпал етеді.

Біздің мемлекеттеріміз де инфрақұрылымды дамыту және оның сапасын арттыру жолында белсенді жұмыс істеуде. «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» көрмесі шеңберінде жоспарланған іс-шаралар жыл сайын өз алаңында карьерлерді қазу, асфальт өндіру, өнеркәсіптік объектілер құрылысы, жол және тұрғын үй-коммуналдық құрылыс, жол-жөндеу жұмыстары үшін техника мен жабдық өндіретін компанияларды жинайды және біздің елдеріміздің осы бағыттағы жетістіктерін көрсетуге қабілетті.

Екі көрменің де жемісті болатынына және біздің кәсіпорындар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін жағдай жасайтынымызға сенімдімін.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына ақпаратты, танымды кездесулер, өнімді қарым-қатынас және табысты жұмыс тілеймін!

Ресей Федерациясының

Қазақстан Республикасындағы

Сауда өкілі

А.В. Бабко


Құрметті  «Mining and Metals Central Asia 2021»  көрмесінің қонақтары, қатысушылары мен ұйымдастырушылары.

Мен сіздерді мамандандырылған көрменің ашылуында Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы ретінде көріп отырғаныма қуаныштымын.

Бүкіл өңірдегі ең ірі көрмелердің бірі болып табылатын «Mining and Metals Central Asia» көрмесі биыл 26-шы рет өтуде. Тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі, сөзсіз, Қазақстан экономикасының негізі болып табылады, екі сектор да соңғы жылдардағы дағдарысты кездерде де оң дамуды көрсетті.

«Mining and Metals Central Asia» көрмесі өзін тау-кен өндіру секторына арналған өнімдер мен техникалық шешімдерді ұсынатын компаниялар мен кәсіпқойлар үшін  таптырмас алаң ретінде көрсете білді.

Биылғы жылы көрменің көптеген қатысушыларының арасында Германиядан 10 компания ұсынылғаны мен үшін ерекше қуанышты. Сіздерді шын көңілден неміс ұлттық стендін тамашалауға  шақырамын!

Ұйымдастырушыларға, қатысушылар мен келушілерге сәтті көрме күндері мен тиімді іскерлік мәмілелер жасасуды тілеймін.

Марио Зоос

Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы

  • 95 қаралды