27-шы Орта Азиялық халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру мен байыту» көрмесі

20-22 қыркүйек 2022

Алматы, Қазақстан

27-шы Орта Азиялық халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру мен байыту» көрмесі

20-22 қыркүйек 2022

Алматы, Қазақстан

КІРУШІЛЕРДІҢ ШОЛУЫ Mining and Metals Central Asia 2021

Третьков Владимир Николаевич, «Stuwa» ЖШС бас директоры (Германия)

Мен көрме Қазақстанда алғаш ашылған жылдардан бері қатысып келемін, нақты 15 жыл өтті. Бір кездері біздің компания көрменің қатысушысы болған, бірақ біздің бас компаниямыздың ковид шектеулеріне байланысты біз әлі стендпен қатыса алмаймыз. Мұнда бізді бәрінен де кен байыту қызықтырады. Көрме аясында біз екі ірі компаниямен қосымша кездесулер жоспарлап, келіссөздер жүргізе бастадық, ал келесі аптада барлығын егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз. Бір нәрсені нақты айта аламын, Iteca компаниясы – көрмелерді өткізу саласындағы ең үздік компания, біз олармен бұрыннан жұмыс істеп келеміз. Мен көрменің офлайн режимге қайта оралғанына өте қуаныштымын. Мен бұл көрмені екі жыл күттім және оның өткізілгеніне өте қуаныштымын. Маған көрмеге шақыру келген кезде «мен бірден жүгірдім» десем де болатын шығар.


Скаков Мурат Битимбаевич, Caspian Contractors Trust Atyrau LLP бас директордың орынбасары (Қазақстан)

Mining & Metals көрмесіне біз жыл сайын Атырау қаласынан келеміз. Осы көрмеге қатыса отырып, біз тау-кен өндірісін жобалауға маманданған әріптестеріміздің байланыстарын алуға үміттіміз, осылайша біздің мақсатымыз – іскерлік байланыстар орнату, өзекті салалық ақпарат алу. Сонымен қатар, біз белгілі бір адамдар тобы үшін өзіміз туралы ақпаратты ұсынуға тырысамыз. Iteca әдеттегідей көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыруда, кірген кезде бірден Ашық жүйесі бойынша тексеру коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтады. Кіреберісте стендтердің орналасуы туралы ақпараттың болуы өте ыңғайлы және павильондардағы жұмыс өте жақсы ұйымдастырылған. Түрлі халықаралық көрмелермен салыстыратын болсам, мен Алматыдағы бұл көрме олардан еш кем емес деп нақты айта аламын.


Прощенко Пётр, Ferrexpo бизнесін дамыту бойынша менеджер (Украина)

Біз Украинадан келдік және бұл керемет көрме деп айта аламыз. Сондай-ақ көрменің қолжетімділігін, атап айтқанда ГМК аспаптары мен технологиялары саласындағы жаңалықтармен көрнекі танысу мүмкіндігін атап өтуге болады. Көрмеде білікті мамандармен әңгімелесудің тамаша мүмкіндігі бар. Көрменің мазмұны өте қызықты –көптеген жаңалықтар ұсынылған. Біз нақты бір құрылғыны іздеп келген жоқыз. Бізге зертханалық жабдықтардан бастап үлкен тау-кен машиналарына дейін мұнда ұсынылғанның бәрі қызықты. Бұл жерде барлығы қызықты, барлығы жаңа, білікті мамандармен және қатысушылармен келіссөздер жүргіздік. Біз көптеген пайдалы және жаңа ақпарат алдық, оны өз жұмысымызда қолданамыз. Біз бұл көрмеге келесі 2022 жылы да міндетті түрде қатысамыз.


Усманова Гульмира Эдильевна, «Толағай-кен» ЖШС-ның аға геологы (Қазақстан)

Маған бұл көрменің ұйымдастырылуы өте ұнады, мен көрме шараларына бірінші рет қатысып жатқан жоқпын, сондықтан да басқаларымен салыстырып айта аламын. Бұл жолы маған стендтер бөлімдер бойынша өте ыңғайлы топтастырылғандығы, қажетті қатысушыларды іздеу, қажетті жабдықты таңдау ыңғайлы болғандығы ұнады. Көрмедегі менің міндетім – компаниямыздың одан әрі жұмыс істеуі үшін жаңа технологиялар мен жабдықтарды таңдау. Пандемиядан кейін көрмені ұйымдастыруда өзгерістер бар, бұл стендтер санының азаюы, келушілердің азаюы және эпидемиологиялық шектеулер. Бірақ кез-келген жағдайда көрме әрқашан бизнес үшін мереке болып табылады.


Кадырбергенов Жаик Кенжебулатович, «КазПромСтройИнжиниринг» ЖШС бас инженері (Қазақстан)

Мен кәсіпорындарды, соның ішінде тау-кен кәсіпорындарын, байыту фабрикаларын жобалаумен айналысамын. Мен Қарағандыдан арнайы осы көрмеге келдім, Mining & Metals-ке 15 жылдан юері тұрақты қатысып тұрамын. Бұл көрме менің профилім бойынша ұйымдастырылғандықтан, мен бұл оқиғаны жіберіп алмауға тырысамын. Қазіргі уақытта мені тау-кен кәсіпорындары мен байыту фабрикаларын жобалау процесі, соның ішінде инновациялар мен жаңа технологиялардың барлық түрлері қызықтырады. Біздің компанияға сала үшін жаңа және өзекті барлық нәрсе қызықты. Егер көрмеде біз жақсы технологияларды (өнімділігі жоғары, бірақ шығыны аз) кездестірсек, оларды жобалау мен өндіріске енгізу үшін ұсынамыз. Көрмені ұйымдастыру өте жақсы жолға қойылған, мен бұл көрмеге қанша қатыссам да, үнемі жақсартуларды көремін. Жылдан жылға көрме тек жақсара түсуде.